Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Комплаенс-офицер Макин Талғат Шерниязұлы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс — ұйым қызметінің реттеуші орта талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен ұйым қызметі стандарттарына сәйкес келмеу тәуекелдерін анықтауға, сондай-ақ ұйым мен оның қызметкерлерінің заңбұзушылықтарға тартылуын болдырмауға жауапты маман.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс — Серіктестіктің дербес лауазымды тұлғасы болып табылады және тікелей Басқарма Төрағасына бағынады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – Серіктестіктің бір құрылымдық бөлімшесіне жүктелетін, тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету функциясы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Серіктестіктің Жарғысын, бұйрықтарын және өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі мақсаты — Серіктестік пен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

