«Eco Almaty» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетіні туралы хабарлайды.
«Eco Almaty» ЖШС-нің 2026 жылғы 27 сәуірдегі №22-ОД ««Eco Almaty» ЖШС-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:
- ЖШС қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- ЖШС қызметіне қатысты ішкі нормативтік құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Қаржылық-шаруашылық қызметке байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
- Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар мен пікірлер 2026 жылғы 4 шілдеге дейін info@eco-almaty.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
«Eco Almaty» ЖШС-нің пошталық мекенжайы: 050019, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Құлжа тас жолы, 4В, У корпусы.


