«Eco Almaty» ЖШС Бас директордың орынбасары
1973 жылғы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1993–1999 жылдары В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын
«Металлургиялық машиналар мен жабдықтар» мамандануы бойынша бітірген.
2006–2008 жылдары Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін
экономика бакалавры біліктілігі бойынша тәмамдаған.
Еңбек қызметі:
03.07.1991 ж. – 15.02.1992ж. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақсуат аудандық ветеринариялық зертханасында электрші-сантехник. 09.04.1992–01.07.1992 жж. — «Октябрьдің ХХ жылдығы» атындағы Алматы станок жасау зауыты, құю цехының 2-разрядты слесарь-сантехнигі.
01.07.1992–04.08.1993 жж. — «Октябрьдің ХХ жылдығы» атындағы Алматы станок жасау зауыты, машиналық қалыптау бойынша 2-разрядты қалыптаушы.
08.11.1999–31.07.2000 жж. — Балқаш қаласы, Балқаш тау-кен металлургия комбинаты, мыс қорыту цехының диірмен машинисі. 21.08.2000–01.02.2002 жж. — Алматы қаласы, «СВТК-ҚазНИИЭ» ЖШС Солтүстік-Шығыс қазандығында инженер-инспектор. 01.02.02 – 03.04.06 жж. — Алматы қаласы, «СВЭК» КМК техникалық инспекция қызметінде инженер-инспектор болып жұмыс істеді. 03.04.2006–01.07.2006 жж. — Алматы қаласы, «СВЭК» КМК техникалық инспекция қызметінде инженер-инспектор. 01.07.2006–25.12.2007 жж. — Алматы қаласы, «СВЭК» КМК, учаске бастығы. 04.02.2008–15.04.2008 жж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратында коммуналдық шаруашылық және құрылыс бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы. 15.04.2008–21.04.2008 жж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратында коммуналдық шаруашылық және құрылыс бөлімінің бас маманы. 21.04.2008–05.09.2008 жж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратында отын-энергетика бөлімінің бас маманы. 21.04.2008–05.09.2008 жж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратында отын-энергетика бөлімінің бас маманы. 05.09.2008–31.03.2010 жж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратында шаруашылық бөлімінің бас маманы. 31.03.2010–18.05.2010 жж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратында абаттандыру бөлімінің басшысы. 18.05.2010–26.07.2011 жж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппаратында коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы. 26.07.2011–15.04.2015 жж. — Алматы қаласы әкімінің аппаратында ұйымдастыру, кадр және бақылау-инспекциялық жұмыс бөлімінің бас маманы. 15.04.2015–01.06.2015 жж. — Алматы қаласы әкімінің аппаратында ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы. 01.06.2015–26.12.2016 жж. — Алматы қаласы әкімінің аппаратында ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы. 26.12.2016–01.10.2019 жж. — Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 01.04.2020–31.12.2021 жж. — Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 05.01.2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — «Eco Almaty» ЖШС Бас директордың орынбасары.

