«Eco Almaty» ЖШС Қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімі Алматы қаласының атмосфералық ауасын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және қоғамдық бақылау аясында Алматы қаласындағы шашлыкханаларды (шашлык пісіру орындарын) мониторинг жүргізді. Қатты отынмен шашлык дайындайтын кафелердің иелерімен түтіннің зияны туралы түсіндірме әңгіме өткізілді және ескертулерді жою бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.


