ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • О компании
  • Эко-монитор
  • Услуги
  • Деятельность
  • Новости
  • Противодействие коррупции
  • Блог руководителя
  • Контакты

Компания әртүрлі қызметтерді ұсынады, олардың қатарында «Зертханалық-аналитикалық зерттеу», «Қалдықтарды өңдеу (жою) (утилизация)» және «Түгендеу және орман патологиясы» қызметтері бар.

Компания базасында аккредиттелген экологиялық зертхана жұмыс істейді, ол қоршаған ортаның сапасына аспаптық-зертханалық бақылауды жүзеге асырады. Зертхана Қазақстан Республикасының Ұлттық аккредитация орталығында СТ РК ISO/IEC 17025 стандартының — «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкестігі бойынша аккредиттелген.

Зертхананың иелігінде сертификатталған және сенімді құрал-жабдықтар бар, олар арқылы мына көрсеткіштер бойынша өлшеулер жүргізіледі:

Қазіргі уақытта ПЭЛ-де: аккредиттеу субъектілерінің реестрінде № KZ.T.02.2734 нөмірімен тіркелген аккредитация сертификаты, тексерілген өлшеу құралдары, 4 жылжымалы экологиялық зертхана бар.
Жылжымалы экологиялық зертхананың аккредитация саласы:
-Елді мекендердің, санитарлық-қорғаныс аймақтың, қоныстану аумағының, факеласты бекеттерінің, шекарадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының санитарлық-қорғаныс аймағының атмосфералық ауасы.
анықталатын көрсеткіштер: сынамаларды алу, атмосфералық қысым, атмосфералық ауа температурасы, желдің бағыты мен жылдамдығы, атмосфералық ауа ылғалдылығы, азот диоксиді, бензол, күйе (көміртек), күкіртсутек (дигидросульфид), қорғасын және оның қосындылары, шаң (қалқымалы заттар), формальдегид, көмірсутектер С1-С5 (метан бойынша), көміртегі оксиді, шаң (қалқымалы заттар), гексан, озон, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, күкірт ангидриді бойынша алифатты С1-С10 шекті көмірсутектері. көміртегі оксиді, шаң (қалқымалы заттар).

– Жұмыс аймағының ауасы
анықталатын көрсеткіштер: сынамаларды алу, атмосфералық ауаның температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, азот диоксиді, күкірт диоксиді, күйе (көміртек), күкіртсутек (дигидросульфид), шаң, формальдегид, С1-С5 (метан бойынша) көмірсутектер, көміртегі оксиді, шаң (қалқымалы заттар).

-Ішетін су, табиғи су (жерасты, жерүсті, жер астындағы қабаттық, дренаждық, теңіз суы)
анықталатын көрсеткіштер: (сынамаларды алу, иіс, дәм, рН, аммоний иондары, АПАВ, КПАВ, НПАВ, қаттылығы, нитрит иондары, нитрат иондары, сульфаттар, фосфор, фторид-ионы, хлоридтер, темір, мыс, мырыш).

-Ақпа сулар
анықталатын көрсеткіштер: (сынамаларды алу, рН, аммоний иондары, АПАВ, КПАВ, НПАВ, қаттылығы, нитрит иондары, нитрат иондары, сульфаттар, фосфор, фторид-ионы, хлоридтер, темір, мыс, мырыш).

-Топырақ, жер, түптік шөгінділер
анықталатын көрсеткіштер: (сынамаларды алу).

-Автокөліктердің шығарындылары
анықталатын көрсеткіштер: (түтіндік, азот оксиді, оттегі, көмірсутектер, көміртек оксиді, көміртек диоксиді).

-Радиологиялық бақылау
анықталатын көрсеткіштер: (рентген және гамма-сәулеленудің экспозициялық, эквивалентті дозасының қуаты).

Экологиялық зертхана байланыс телефоны: 8 777 319 0508

Компания Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» РМҚК 03.12.2007 ж. берген № 01139Р лицензия негізінде шамдарды және құралдарды (құрамында сынап бар) қайта өңдеумен (демеркуризация) айналысады.

Қалдықтарды басқару департаменті байланыс телефоны: 8 (707) 651 34 70

Түскен өтініштер бойынша жасыл желектердің орман патологиялық тексерісін жүргіземіз, сондай-ақ апатты ағаштарды резистограф және томограф аппаратарымен тексереміз.

Экологиялық мониторинг департаменті байланыс телефоны: 87762850958

ECO Almaty

© 2024 ТОО «Eco Almaty»

Политика конфиденциальности

График приема граждан

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook