ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Түрксіб ауданында экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланды

08.10.2026

Алматы қаласы Әкімінің экология мәселелері жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Түрксіб ауданында жұмыс кеңесі өтті. Кеңес барысында жеке сектор мен шағын және орта бизнес нысандарын газдандыру, сондай-ақ аудандағы экологиялық ахуал талқыланды.

Негізгі назар жеке тұрғын үйлерді газдандыруға аударылды: газ желілерін тарту және үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу мәселелері қаралды. Қатты отынды пайдаланатын ШОБ нысандары, ең алдымен кафелер, мейрамханалар мен моншалар жеке сөз болды.

Сондай-ақ контейнер алаңдарының санитарлық жағдайы, рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою және іргелес аумақтарды абаттандыру мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті бөлімшелерге барлық бағыт бойынша жұмысты жандандырып, анықталған кемшіліктерді жоюға тапсырма берілді.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook