ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Медеу ауданында жеке секторды газдандыру және экологиялық мәселелер талқыланды

02.10.2026

Алматы қаласының Медеу ауданында жеке сектор мен шағын және орта бизнес нысандарын газдандыру, сондай-ақ экологиялық жағдай мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Басты тақырып жеке үйлерді газдандыру болды. Газ тарату желілерін салу мен үйлерді газға қосу мәселесі талқыланды. Қатты отынмен жұмыс істейтін ШОБ нысандарына, әсіресе қоғамдық тамақтану орындары мен моншаларға, жеке тоқталды.

Одан бөлек, контейнер алаңдарының санитарлық жағдайы, рұқсатсыз қоқыс үйінділері және іргелес аумақтарды тазалау мәселелері қарастырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты бөлімшелерге барлық бағыт бойынша жұмысты күшейтіп, анықталған экологиялық мәселелерді жоюға тапсырма берілді.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook