ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда Recycle Бірге күзгі экоакциясы өтеді

30.09.2026

4 қазанда ҚБТУ аумағында кезекті қалалық Recycle Бірге экоакциясы өтеді. «Eco Almaty» ЖШС өкілдерінің мәліметінше, бұл іс-шара жобаның биылғы ашық аспан астындағы соңғы кездесуі болмақ.

Recycle Бірге – Алматы тұрғындарын қалдықтарды бөлек жинау, саналы тұтыну және заттарды қайта пайдалану идеялары төңірегінде біріктіретін экологиялық алаң. 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жоба қала тұрғындарын, балалы отбасыларды, еріктілерді, экологиялық бастамалар мен жергілікті жобаларды тұрақты түрде бір ортаға жинайды.

Акция барысында қатысушылар қайталама шикізатты қайта өңдеуге тапсыра алады, қажетсіз заттарын қайта пайдалануға бере алады, заттар мен кітаптар алмасып, түрлі экологиялық іс-шараларға қатысвды немесе жай ғана бірге уақыт өткізе алады.

📅 4 қазан

⏰ 12:00–15:00

📍 ҚБТУ, Төле би көшесі, 59, Панфилов көшесі жағынан кіру

Экоакция «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, Алмалы ауданы әкімдігі мен ҚБТУ-дың қолдауымен өтеді. Іс-шара Алмалы ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылады.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook