ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді

23.09.2026

Бүгін, 23 қыркүйекте Алматыдағы Central Avenue тұрғын үй кешенінің ауласында BI Group пен ECO Network ұйымдастырған көшпелі экологиялық акция өтеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін тұрғындар пластик қақпақтарды және бөлек жиналған басқа да қайталама шикізатты тапсыра алады. Сондай-ақ, пластикті қайта өңдеу үдерісін өз көзімен көруге мүмкіндік болады.

Акция алаңында эко-трак, велошреддерлер және пластикті балқытуға арналған жабдықтар жұмыс істейді. Қатысушылар пластикті өздері ұсақтап, қайта өңделген материалдан жаңа бұйымдардың қалай жасалатынын көре алады.

Тапсырылған қайталама шикізат өлшеніп, ECO Network жүйесінде тіркелген пайдаланушыларға econetwork.me қосымшасында тиісті ұпай есептеледі.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook