2026 жылдың басынан бері Алматыдағы автобус парктерінде шығарынды газдарға 3 мыңнан астам өлшеу жүргізілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.
Айта кетейік, мониторинг Алматыдағы атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіледі. Қағида автокөліктен және басқа да ластау көздерінен шығатын зиянды заттар көлемін азайтуға бағытталған шараларды қарастырады.


