ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

07.09.2026

Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығының Event Space алаңында 5 қыркүйекте экоуикенд өтті. Оған қала тұрғындары мен қонақтарымен қоса, жүзден астам адам қатысты. Іс-шараны ECO Network «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен ұйымдастырды.

Экоуикендтің негізгі мақсаты – экологиялық әдет қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптап жинау мен қайта өңдеудің маңызын түсіндіру және жауапты тұтыну мәдениетін дамыту. Қатысушылар үшін танымдық іс-шаралар, балалар мен ересектерге арналған сабақтар, сондай-ақ интерактивті викторина ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қалдықты қайта өңдеу үдерісі де көпшілік назарына ұсынылды. Қонақтарға қалдықты сұрыптағаннан кейін материалдың қандай жолдан өтетіні көрсетілді. Яғни, оны жинау мен фракцияға бөлу кезеңінен бастап қайта өңдеуге және жаңа өнім жасауға дейінгі кезеңдер көрсетілді.

Экологиялық сауаттылықты арттыруға да ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар ойын форматында қоршаған ортаға қатысты білімін тексеріп, күнделікті әдеттердің экологиялық жағдайға қалай әсер ететінін білді.

Бағдарламаның шығармашылық бөлігінде Bedazzled шеберлік сабағы ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі бұйымдар жасады.

Экоуикенд практикалық, танымдық және шығармашылық бағыттарды біріктіріп, қатысушылар қалдықтарды бөлек жинау арқылы оларды екінші шикізат ретінде қайта айналымға енгізуге болатынын көрсетті.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook