Алматыда атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Қала аумағында қоғамдық тамақтану нысандары мен жеке сектордан атмосфераға тарайтын зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған мониторинг және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мониторинг барысында 59 қоғамдық тамақтану нысаны қамтылды. Оның ішінде 21 нысанға түтін шығарындыларын тазартуға арналған сүзгілер орнатылған, ал 33 нысанда сүзгілерді 2026 жылдың соңына дейін орнату жоспарланған.




