ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда қоқыс таситын көліктердің шығарындысы тексеріліп жатыр

26.08.2026

Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдаумен айналысатын ұйымдардың автокөліктеріне экологиялық бақылау жүргізу жалғасып жатыр.

«ECO Almaty» ЖШС мамандары арнайы техниканың 147 бірлігін пайдаланатын 18 ұйымды тексерді. Экологиялық бақылау аясында Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының талаптарына сәйкес автокөліктерден шығатын пайдаланылған газдардың құрамына аспаптық өлшеу жүргізіледі.

Аспаптық өлшеу автокөліктердің техникалық және экологиялық жай-күйін бағалауға, сондай-ақ атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың белгіленген нормативтерге сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді.

Автокөліктерге экологиялық бақылау жүргізу жұмыстары жалғасуда.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook