ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда қоғамдық тамақтану нысандарының шығарындыларына бақылау күшейтіледі

12.08.2026

Алматыда қоғамдық тамақтану орындары мен жеке сектордан атмосфераға тарайтын шығарындыларды азайту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Мониторинг аясында Бостандық ауданындағы 17 қоғамдық тамақтану нысаны тексерілді. Оның екеуіне түтін шығарындыларын тазартатын сүзгілер орнатылған. Қалған 15 нысанға сүзгі орнату жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Сонымен қатар сегіз нысанда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіп иелеріне экологиялық талаптарды сақтау және атмосфералық ауаға кері әсерді азайту бойынша ұсыныстар берілді.

Қалада мониторинг және түсіндіру жұмыстары Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында тұрақты түрде жүргізіледі.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook