ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды

03.08.2026

Көктөбе саябағында аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткейдің көріктендіру жұмыстары аяқталды. Алматы қаласының Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, ауқымды көгалдандыру және көркейту нәтижесінде мұнда серуендеуге арналған бағыттар, шолу алаңдары мен Алматының көркем көрінісі ашылатын жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды.

Жобаның басты ерекшелігі – гүлдеу кезеңінде тау бөктеріне ерекше көрік беретін лаванда террасалары. Мұнда ерте көктемнен күз соңына дейін сәнін жоғалтпайтын 20-дан астам көпжылдық өсімдік, сәндік бұта мен астық тұқымдас өсімдіктер егілген. Ландшафтық композицияны гортензия, тобылғы, шатыраш, көкжалбыз (котовник), қызылкүрең және сәндік астық тұқымдас өсімдіктер толықтырады.

Жобаны іске асыру барысында табиғи жер бедерін сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Беткейлер эрозиядан қорғау үшін габион құрылымдарымен бекітіліп, келушілердің жайлы серуендеуі үшін табиғи ландшафтпен үйлесімді кіріктірілген жүргінші жолдары, баспалдақтар және шолу алаңдары салынды.

Жаңа қоғамдық кеңістік келушілер үшін ашық. Гүл композициялары саябақтың әр тұсынан анық көрінеді, ал серуен бағыттарынан Алматы қаласы мен Іле Алатауының әсем көрінісі ашылады. Жаңа гүлді беткей табиғат пен заманауи ландшафтық дизайн үйлесім тапқан қаланың көрікті орындарының біріне айналды.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook