Алматы қаласында қоғамдық тамақтану нысандары мен жеке сектордан шығатын зиянды шығарындыларды азайту жұмыстары жалғасуда.
«Eco Almaty» ЖШС мамандары аудан әкімдіктерінің өкілдерімен бірлесіп, қатты отынмен жұмыс істейтін пештер мен мангалдар пайдаланылатын нысандарды аралап, атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының талаптарын және қоршаған ортаның ластануын болдырмау шараларын түсіндіруде.
Кәсіпкерлерге экологиялық тұрғыдан тиімдірек отын түрлеріне көшу және шығарындыларды тазарту жүйелерін орнату қажеттігі ескертіледі.






