Қалалық гүлзарларды безендіру кезінде олардың әдемілігі ғана емес, Алматының климаттық жағдайына бейімделген өсімдіктерді таңдау да маңызды. Сондықтан мамандар өсімдіктердің гүлдеу кезеңін, ыстыққа төзімділігін, күтім ерекшеліктерін және бір-бірімен үйлесімділігін ескереді.
Қаланы көгалдандыру барысында біржылдық гүлдер, сәндік бұталар және көпжылдық өсімдіктер қолданылады. Мұндай үйлесім қоғамдық кеңістіктердің көктемнен кеш күзге дейін көркін жоғалтпай, жайқалып тұруына мүмкіндік береді.






