ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Медеу ауданындағы Есентай өзенінің жағалауында ең ірі гүл саябағы ашылды

17.07.2026

Жалпы аумағы 19 мың шаршы метрден асатын саябаққа мыңдаған көпжылдық гүлдер, сәндік бұталар және ірі ағаштар егілді. Жобаның басты ерекшелігі – көктемнен кеш күзге дейін үздіксіз гүлдеп тұратын гүл композициялары.

Көріктендіру жұмыстары аясында мыңдаған гортензия, раушан, сәндік бұталар мен көпжылдық гүлдер, сондай-ақ 500-ден астам ірі көлемді ағаш егілді. Серуендеуге арналған экологиялық жүргіншілер жолдары салынып, аумақ суды үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи тамшылатып суару жүйесімен жабдықталды.

Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың серуендеуі, тынығуы және отбасылық демалысы үшін қолайлы орынға айналып, Медеу ауданының жасыл келбетін одан әрі көркейте түсті.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook