ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда жыл басынан бері 1,4 мыңнан астам автобустың экологиялық талаптарға сәйкестігі тексерілді

08.07.2026

2026 жылғы 3 қаңтар мен 30 маусым аралығында «Eco Almaty» ЖШС мамандары Алматыдағы автобус парктерін қайта тексерді.

Есепте тұрған 2 525 автобустың 1 407-сі тексерілді. Мониторинг қорытындысы бойынша 596 автобуста пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтін шығару деңгейі белгіленген нормадан асқаны анықталды. Оның ішінде 150 автобус дизельді, ал 446 автобус газ қозғалтқышымен жабдықталған.

«Eco Almaty» ЖШС мамандарының айтуынша, тексерулер атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – қоғамдық көліктерден бөлінетін зиянды заттардың көлемін азайту.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook