ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда бір ай ішінде экологиялық талаптарды бұзған 200-ге жуық көлік анықталды

01.07.2026

2026 жылы 1-29 маусымы аралығында Алматыда жылжымалы экологиялық зертханалар 778 автокөлікті пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтін деңгейінің белгіленген нормаларға сәйкестігіне тексерді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Мониторинг қала Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілді. Іс-шаралар Алматының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында ұйымдастырылып, зиянды шығарындыларды азайтуға және ауа сапасын жақсартуға бағытталған.

Тексеру нәтижесінде 194 көлікте экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 106 – бензин қозғалтқышымен жүретін көлік, 86 – дизель қозғалтқышымен жүретін көлік, 2 – газбен жүретін көлік.

«Eco Almaty» ЖШС өкілдерінің мәліметінше, мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Олар қаладағы атмосфералық ауаның негізгі ластаушы көздерінің бірі саналатын автокөліктерден шығатын зиянды заттарды азайтуға бағытталған кешенді жұмыстардың бір бөлігі. Қазіргі уақытта жылжымалы экологиялық зертханалардың жұмысы жалғасып жатыр.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook