2026 жылы 1 шілдеде Алматыдағы «Mountain Drive» тұрғын үй кешенінің аумағында «Econetwork» ЖШС-нің көшпелі экотрегі қатысатын тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға арналған экологиялық акция өтеді.
Акция аясында тұрғындар қайта өңдеуге жарамды қайталама шикізатты тапсыра алады. Сонымен қатар қалдықтарды, оның ішінде пластик қақпақтарды қайта пайдалану тақырыбындағы экологиялық іс-шараларға қатысып, қалдықтарды бөлек жинау қағидалары туралы жан-жақты ақпарат ала алады.
Баршаңызды экологиялық бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз!
Уақыты: 10:00–13:00.
Орны: Алматы қаласы, Жәңгір хан көшесі, 2, «Mountain Drive» тұрғын үй кешенінің аумағы.
Анықтама телефоны: +7 747 779 80 10.
Экологиялық акция «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен ұйымдастырылады.


