Комплаенс-офицер 8 маусымда Түрксіб ауданы бойынша, 12 маусымда Әуезов ауданы бойынша, 24 маусымда Алмалы ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау бөлімдеріне барды.
Кездесу барысында қызметкерлермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары, сондай-ақ кәсіпкерлер мен Алматы тұрғындарының экологиялық талаптарды сақтауына мониторинг жүргізу кезінде туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.



