ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматылықтар кәдеге жаратуға 600-ден астам сынапты шам тапсырды

22.06.2026

Қалалық Recycle Бірге экологиялық акциясы аясында алматылықтар қауіпсіз кәдеге жарату үшін құрамында сынабы бар 608 шам тапсырды. Мұндай қалдықтар қауіпті қалдық санатына жатады және арнайы өңдеуді қажет етеді, өйткені олардың құрамындағы заттар қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты.

Сонымен қатар акцияға қатысушылар қайта өңдеуге арналған қайталама шикізат өткізіп, заттарды қайта пайдалануға тапсырды, кітап алмасу шараларына, экологиялық шеберлік сабағына және басқа да тақырыптық іс-шараларға қатысты.

Recycle Бірге экологиялық акциясы Алматыда 2019 жылдан бері өткізіліп келеді. Жоба экологиялық мәдениетті дамытуға, қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесін кеңінен насихаттауға және саналы тұтыну қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алмалы аудандық әкімдігінің, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының, Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, сондай-ақ Алматыны дамыту орталығы мен «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен өтті. Ұйымдастырушысы – «Greenup.kz» қоғамдық қоры.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook