2026 жылғы 21 маусымда Алматы қаласында Recycle Бірге қалалық экологиялық акциясыөтеді. Бұл — тұрғындарды, бизнесті және әлеуметтік бастамаларды тұрақты даму, саналы тұтыну және қалдықтарды бөлек жинау қағидаттары төңірегінде біріктіретін қалалық экологиялық жоба. Жоба 2019 жылдан бері «Greenup.kz» қоғамдық қоры тарапынан жүзеге асырылып келеді және қалада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Экоакция аясында келесі тақырыптық аймақтар ұйымдастырылады:
• Recycle — қайта өңдеуге жіберілетін қайталама шикізатты қабылдау
• Reuse — қайта пайдалануға жарамды заттарды жинау
• Дармарка — заттарды тегін алмасу алаңы
• Кітап алмасу (Book Crossing) — кітаптармен алмасу аймағы
• Plant Swap — өсімдіктермен алмасу алаңы
• Workshops — шеберлік сабақтары
• Fair — жергілікті экологиялық брендтердің жәрмеңкесі.
Recycle Бірге экологиялық акцияларының әрқайсысына орта есеппен 1500–2000 адам қатысады және шамамен 4,5 тонна қайталама шикізат жиналып, одан әрі қайта өңдеуге жіберіледі. Сонымен қатар, 20-дан астам әлеуметтік және шығармашылық жобаға, қайырымдылық қорларына, жергілікті экологиялық брендтер мен эко-стартаптарға қолдау көрсетіледі.
«Recycle Бірге экоакциялары — бұл жай ғана қалдықтарды жинау емес. Бұл адамдарды қоршаған ортаға және бір-біріне деген қамқорлық құндылықтары төңірегінде біріктіретін, қолдау мен шабыт сыйлайтын орта. Біз экологиялық өмір салты қаламыздың әр тұрғыны үшін қолжетімді әрі қалыпты өмір салтына айналуы тиіс деп сенеміз», — дейді ұйымдастырушылар.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын отбасыларымен, достарымен және балаларымен бірге келіп, экологиялық өмір салтына қарай тағы бір қадам жасауға шақырады.
Экоакция «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Алмалы ауданы әкімдігінің, Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының және Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Серіктестік қолдау көрсетушілер:
Mars Kazakhstan компаниясы, Coca-Cola CCI компаниясының Restart.qaz жобасы және Гедеон Рихтер компаниясы.
Жобаның ақпараттық серіктестері:
Алматы қаласын дамыту орталығы және Eco Almaty ЖШС.
Акция КБТУ аумағында (Төле би көшесі, 59, Панфилов көшесінің қиылысы) сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.
Ұйымдастырушылар:
Recycle Бірге экологиялық қозғалысы («Greenup.kz» ҚҚ)
📍 Күні: 2026 жылғы 21 маусым
🕛 Уақыты: 14:00–17:00
🏫 Өтетін орны: КБТУ (Төле би көшесі, 59, Панфилов көшесінің қиылысы), Алматы қаласы
📲 Толық ақпарат:
Instagram: @recycle.birge
Қазақ тілінде: @recycle.birge.qaz


