ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыдағы Терренкур көлінде қалқымалы гүл композициялары орнатылды

04.06.2026

Терренкур демалыс аймағындағы көлде жаңа қалқымалы гүл композицияларымен толықты. Бұл туралы Eco Almaty ЖШС өкілдері айтты.

Көгалдандыру бағдарламасы аясында кәсіпорын мамандары көл бетіне сәндік қалқымалы гүлзарларды орнату жұмыстарын бастады. Түрлі-түсті гүлдерден жасалған композициялар көлдің көркін айшықтап, қаладағы танымал серуен орындарының бірі саналатын аумаққа ерекше сән беріп тұр.

Қалқымалы гүлзарлар аумақты ландшафтық безендірудің жаңа құрылымына айналып, Алматы тұрғындары мен қонақтарының демалысын одан әрі жайлы етіп, аумақтың келбетін жаңаша аша түседі.

Eco Almaty мамандарының айтуынша, мұндай бастама қоғамдық кеңістіктердің эстетикалық тартымдылығын арттырып, қалалық ортаны дамытуға және тұрғындардың демалысына жайлы жағдай жасауға бағытталған.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook