ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

18.05.2026

Алматыда Recycle Бірге қозғалысы ұйымдастырған «Recycle Birge» экологиялық акциясы аясында құрамында сынабы бар 480-нен астам шам мен құрылғылар жиналды. Олар қауіпсіз түрде әрі қарай қайта өңдеуге жіберілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Биоалуантүрліліктің халықаралық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық акция №8 гимназия аумағында өтіп, экология мен қалдықтарды бөлек жинау мәселесіне бей-жай қарамайтын қала тұрғындарын біріктірді.

Іс-шара барысында алматылықтар қайта өңделетін қалдықтарды, қайта пайдалануға болатын заттарды тапсырды, сондай-ақ кітаптар мен өсімдіктер алмасуға қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпті қалдықтарды дұрыс жою мәселесіне қоғам назарын аударуға көмектеседі.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook