Көктем келісімен Алматы гүл құшағына оранады. Сәуір айынан бастап қызғалдақтар қала көшелерін көркейтіп, биыл 20 мың шаршы метрден астам аумақты қамтыды. Олар қаланың көркін ашып, айналаны сан түрлі бояуға бөлеп тұр.
Бұл әсем көріністің артында Eco Almaty мамандарының еселі еңбегі жатыр. Гүл егуден күтіп-баптауға дейінгі барлық жұмыс кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізілді.
Бұл тек бастамасы ғана. 2026 жылы қазан айында қызғалдақ санын екі есеге арттыру жоспарланып отыр.
Қызғалдақтардың жайқалып гүлдеген шағын мамыр айының басына дейін тамашалауға болады. Табиғаттың осы әсем сәтін өткізіп алмаңыз!



