ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда қайта өңделетін және қауіпті қалдықтарды қабылдау бойынша экоакция өтеді

24.04.2026

25 сәуір күні Алматыдағы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің аумағында «Жасыл бастау» атты экологиялық акция өтеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

«Ecosen» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамытуға және қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға бағытталған.

Акция барысында тұрғындар пластик, қағаз, шыны, алюминий және ескі электронды құрылғыларды тапсыра алады. Сонымен қатар сынапты шамдар мен арнайы жоюды қажет ететін басқа да қауіпті қалдықтар қабылданады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар полигондарға түсетін қоқыс көлемін азайтып, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын экологиялық акцияға қатысуға шақырамыз», – деді ұйымдастырушылар.

Акция сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.

Байланыс телефоны: +7 701 045 7773.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook