ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинау акциясы өтті

17.04.2026

Алматыда мерзімі өткен және пайдаланылмаған дәрілік заттарды жинау акциясы өтті. Іс-шараны «Eco Almaty» ЖШС, Eco Network және Stada компаниялары ұйымдастырды.

Басты мақсат — дәрілік заттарды дұрыс кәдеге жаратпау салдарынан қоршаған ортаға келетін зиянның алдын алу. Себебі оларды тұрмыстық қоқысқа немесе кәріз жүйесіне тастаған жағдайда дәрілер топырақ пен суға сіңеді, ал өртеген кезде атмосфералық ауаға тарап, оны зиянды заттармен ластайды.

Акция барысында тұрғындар мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді арнайы белгіленген қабылдау пункттеріне қауіпсіз түрде тапсыра алды. Сонымен қатар, дұрыс кәдеге жаратпау қаупі және экологиялық талаптарды сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акция аясында 9 келіге дейін мерзімі өткен дәрілік зат жиналды.

Жалпы, 2025 жылы шілдеден 2026 жылы 14 сәуірге дейін қаладағы 38 емханада тұрғындардан 977 келі дәрі-дәрмек жиналған. Орта есеппен әр емханада ай сайын 2 келіге дейін дәрі жиналады.

Жиналған препараттар белгіленген тәртіпке сәйкес кәдеге жаратуға жіберілді.

Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаға кері әсерді азайтып, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook