ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда қызғалдақтардың гүлдеу маусымы басталды

15.04.2026

2025 жылдың күзінде 20 мың шаршы метрден астам аумаққа егілген 1,5 млн қызғалдақ баданасы бүгінде қала көшелері, саябақтар мен скверлердің ажарын ашып тұр. «Монте Карло», «Шато», «Антарктика», «Армани» секілді түрлі сұрыптар қаланың көркіне ерекше рең беріп тұр.

Қызғалдақтар сәуір айының басынан гүлдеп, мамырдың алғашқы күндеріне дейін көз тартады. Гүлдеу мерзімі ауа райына қарай өзгеруі мүмкін.

Гүлдеу кезеңі аяқталған соң гүлзарларға біржылдық және кілемдік гүлдер егіліп, 70 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылады. Бұл Алматының жылы маусым бойы жайнап тұруына мүмкіндік береді.

Жалпы, 2026 жылы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы «Eco Almaty» ЖШС-мен бірлесіп 387 953 шаршы метр аумақта сәндік-гүлдік көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Гүлмен әрлеу көлемі 2025 жылмен салыстырғанда 77%-ға артады.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook