ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматыда 15–16 сәуір мерзімі өткен дәрілерді жинау бойынша экоакция өтеді

14.04.2026

«Eco Almaty» ЖШС экологиялық «ECO Network» ұйымымен және Stada компаниясымен бірлесіп, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен тұрғындарды мерзімі өткен дәрілік заттарды тапсыруға арналған экологиялық науқанға белсенді қатысуға шақырады. Акция биылғы жылдың 15–16 сәуірінде өтеді.

Науқанның негізгі мақсаты — қауіпті заттардың топырақ пен суға түсуінің алдын алу.

Тұрғындар мерзімі өткен дәрілерді (таблеткалар, майлар, ерітінділер және өзге де медициналық препараттар) қалалық емханаларда орнатылған арнайы экобокстарға тапсыра алады.

Мерзімі өткен дәрілерді кәдеге жаратудың негізгі қағидалары

Мерзімі өткен дәрілік заттар белгіленген тәртіпке сәйкес медициналық мекемелер арқылы арнайы кәсіпорындарға жіберіліп, жойылады.

Мұндай препараттарды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастауға немесе кәріз жүйесіне төгуге болмайды, себебі бұл антибиотиктерге төзімділіктің қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Назар аударыңыз: қабылдау талаптары

Экобокстарға қабылданатындар:
таблетка, капсула, май, крем, гель, ампула, құты, шәрбат және сұйық ерітінділер.

Қабылданбайтындар:
шприц, ине, система, мақта, бинт және қанмен жанасқан басқа да медициналық қалдықтар.

Қалай тапсыру керек:
дәрілерді тығыз пакетке салып, контейнерге салмас бұрын байлап қою ұсынылады.

Орналасуы:
қаланың 36 емханасында пайдаланылмаған және мерзімі өткен дәрілерді қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған арнайы контейнерлер (экобокстар) орнатылған.

список экобоксов для лекарств просроченных 2026 қазСкачать

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook