Алматыда атмосфералық ауаның ластануын азайту шаралары күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды экология мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді.
Жүргізілген есептеулерге сәйкес, Алматы агломерациясындағы жылдық шығарындылар көлемі 225,2 мың тонна, оның 189 мың тоннасы Алматы қаласына тиесілі. Ластанудың негізгі көзі автокөліктерде – шамамен 60%. Бұдан кейін энергетика нысандары, өнеркәсіп кәсіпорындары, жеке сектор мен құрылыс саласы келеді.
Қала басшысы барлық шығарындылар көздеріне, соның ішінде көлік пен бизнеске бақылауды күшейтуді тапсырды. Қайталанатын заңбұзушылықтар кезінде айыппұлмен шектелмей, қызметті уақытша тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолдану қажеттігі атап өтті.
Сонымен қатар тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Газға көшу, сүзгі жүйелерін орнату және экологиялық талаптарды сақтау жүйелі түрде жүзеге асырылуға тиіс.
Негізгі тетік ретінде Алматы қаласында атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру көзделіп отыр. Осы аясында төмен эмиссиялы аймақтар (LEZ) кезең-кезеңімен енгізіледі.
Қалада сондай-ақ, қоғамдық көлікті экологияландыру және қоршаған орта сапасын жақсартуға бағытталған көгалдандыру жұмыстары жалғасады.



