ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Алматылықтар экоакцияға 1500-ден астам сынапты шам тапсырды

02.04.2026

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет кешенінде қайталама шикізат пен қауіпті қалдық жинауға арналған экологиялық акция өтті. Оның басты мақсаты – пластик бөтелкені өткізу немесе бір затты қайта пайдалануға беру сияқты күнделікті қарапайым әрекеттердің өзі үлкен экологиялық өзгерістерге үлес қоса алатынын көрсету.

Іс-шараға Recycle Birge экологиялық қозғалысының (Greenup.kz ҚҚ), серіктес ұйымдары және қалалық қызметтер қатысты. Науқан жұмысына «Eco Almaty» ЖШС де қатысып, жиналған қалдықтардың жекелеген түрін қабылдап, оларды қауіпсіз кәдеге жарату мен қайта өңдеуге жіберуді қамтамасыз етті.

Акция аясында қала тұрғындары қайталама шикізаттың 17-ден астам түрін тапсырды. Олардың қатарында пластик, макулатура, шыны, металл банкілер, пенопласт, сондай-ақ күрделі әрі сирек кездесетін қалдық түрлері — электрондық техника, сынап құрамды қалдықтар және мерзімі өткен дәрілік заттар бар. Жиналған қауіпті қалдықтардың барлығы қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып қабылданып, арнайы қайта өңдеуге жіберілді.

Науқанның жеке бағыттарының бірі сынап құрамды шамдарды жинау болды. Жалпы алматылықтар 1543 пайдаланылған шам тапсырды. Олар қауіпсіз кәдеге жарату үшін арнайы өңдеуге жолданды. Мамандардың айтуынша, мұндай қалдықтар ерекше сақтықпен өңделуге тиіс, өйткені олардың құрамында сынап бар және дұрыс пайдаланылмаған жағдайда қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін.

Сондай-ақ, заттарды қайта пайдалануға да ерекше назар аударылды. Қала тұрғындары қайырымдылық ұйымдарына беру үшін киім-кешек, аяқ киім, кітаптар мен тұрмыстық заттарды әкелді. Алаңда кітап алмасу, бөлме өсімдіктерімен алмасу аймақтары және «Дармарка» ұйымдастырылды. Мұнда қатысушылар қажетсіз заттарын тегін беріп, өздеріне керек дүниені алу мүмкіндігіне ие болды.

ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook