Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары «ECO Almaty» ұйымымен бірге көшпелі кездесулер мен іс-шаралар өткізуде.
Экологтар кәсіпорындарға шығарындыларды қалай азайту және экологиялық талаптарды сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар ауа сапасын өлшеп, табиғатты қорғау талаптары бойынша кеңестер береді.
Акцияның мақсаты – кәсіпорындарға экологиялық нормаларды сақтауға көмектесу және Алматы қаласындағы ауаның сапасын жақсарту.





