2025 жылғы 28 қаңтарда «ECO Almaty» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ZOOM онлайн-конференциясы форматында түсіндіру және оқыту іс-шарасы өткізілді.
Сабақты комплаенс-офицер Макин Т.Ш. өткізді. Слайдтарды пайдалана отырып, төмендегі мәселелер қарастырылды:
• сыбайлас жемқорлықтың түрлері, нысандары және пайда болу теориялары,
• сыбайлас жемқорлықтың зияны,
• сыбайлас жемқорлықтың жаңа нысандары,
• Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі,
• сыбайлас жемқорлықпен күресу стратегиялары.


