«Eco Almaty» ЖШС Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына сәйкес 2025 жылғы 30 маусым мен 11 тамыз аралығында Серіктестік қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданып отырған саланы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар болған жағдайда, 2025 жылғы 20 маусымға дейін ақпаратты eco_almaty@mail.ru электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз. WhatsApp: +7 707 729 29 45
Мекенжайы: Алматы қ., Рысқұлов даңғылы 1/1
Түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда +7 707 729 29 45 телефоны бойынша хабарласуға болады.

