Алматы әкімдігі бекіткен қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту жоспары аясында үнемі мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады. Инспекторлар жылжымалы экологиялық зертханаларды пайдаланып, көлік құралдарын тексеруді күшейтуде.
Негізгі мақсат – улы заттардың деңгейі рұқсат етілген деңгейден асатын көліктерді анықтау. Мобильді зертханалар мониторингті жылдам және тиімді етеді.
Мұндай рейдтер ауа сапасын бақылау шараларының маңызды бөлігі болып табылады. Алматыны заманауи және жайлы мегаполис ретінде дамытудағы маңызды міндет – таза ауаны қамтамасыз ету.

