-
Дархан Сатыбалды жеке секторды газдандыру жұмыстарын жеделдетуді және Алматыдағы ауа сапасын жақсарту бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізіп, онда 2026–2027 жылдарға арналған атмосфералық ауа сапасын жақсарту жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысын қарады. Жол картасы 13 бағыт бойынша кешенді шараларды қамтиды және ауа ластануын төмендетуге жүйелі тәсіл қолдануды көздейді. Отырыс барысында қала әкімі 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО-ні табиғи газға көшіру, төмен эмиссия…
-
Алматылықтар кәдеге жаратуға 600-ден астам сынапты шам тапсырды
Қалалық Recycle Бірге экологиялық акциясы аясында алматылықтар қауіпсіз кәдеге жарату үшін құрамында сынабы бар 608 шам тапсырды. Мұндай қалдықтар қауіпті қалдық санатына жатады және арнайы өңдеуді қажет етеді, өйткені олардың құрамындағы заттар қоршаған орта мен адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты. Сонымен қатар акцияға қатысушылар қайта өңдеуге арналған қайталама…
-
Алматыда тасымалдаушылармен және көлік саласының өкілдерімен экологиялық талаптар талқыланды
Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру мәселесі бойынша кезекті ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Талқылауға «Eco Almaty» ЖШС, «Атамекен» ҰКП Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы, Алматы жолаушылар тасымалдаушылары қауымдастығы, таксопарктер, техникалық байқау операторлары және бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының негізгі талаптары, көлік құралдарын техникалық тексеруден өткізу тәртібі, нақты шығарындыларды бақылау,…
-
«Eco Almaty» ЖШС-дегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін жария талқылау туралы
«Eco Almaty» ЖШС сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың өткізілетіні туралы хабарлайды. «Eco Almaty» ЖШС-нің 2026 жылғы 27 сәуірдегі №22-ОД ««Eco Almaty» ЖШС-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді: Жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар мен пікірлер…
-
Әуезов ауданында шағын және орта бизнес нысандарынан шығатын шығарындыларды азайту мәселесі талқыланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінде атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын сақтау және шағын және орта бизнес нысандарынан шығатын зиянды заттар көлемін азайту мәселесі бойынша кеңес өтті. Іс-шараға аудан әкімдігінің өкілдері, «Eco Almaty» ЖШС мамандары, кәсіпкерлер және қызметі атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін нысандардың басшылары қатысты. Кеңес барысында Әуезов ауданы аумағында қоғамдық тамақтану орындары, техникалық қызмет көрсету…
-
Алматыда Recycle Бірге экологиялық акциясы өтеді
2026 жылғы 21 маусымда Алматы қаласында Recycle Бірге қалалық экологиялық акциясыөтеді. Бұл — тұрғындарды, бизнесті және әлеуметтік бастамаларды тұрақты даму, саналы тұтыну және қалдықтарды бөлек жинау қағидаттары төңірегінде біріктіретін қалалық экологиялық жоба. Жоба 2019 жылдан бері «Greenup.kz» қоғамдық қоры тарапынан жүзеге асырылып келеді және қалада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Экоакция аясында келесі тақырыптық аймақтар ұйымдастырылады: • Recycle —…
-
Алматыдағы жаңа экологиялық талаптар туралы не білуіміз керек
Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа қағидаларын талқылау жалғасуда. Әсіресе, ең көп талқыланып жатқан мәселенің бірі – қаланың газдандырылған аудандарында қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салу. Осыған байланысты тұрғындар арасында түрлі сауал туындаған. Атап айтқанда, қосымша жабдық сатып алу қажет пе, жылыту жүйесін ауыстыру керек пе немесе қосымша шығын туындай ма мәселе жиі көтерілуде. Негізінде…
-
Түрксіб ауданында кәсіпкерлермен экология мәселесі талқыланды
Алматының Түрксіб ауданы әкімдігінде қоғамдық тамақтану орындары, өндірістік базалар және өзге де ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті. Жиында атмосфералық ауаны қорғау және қолданыстағы экологиялық талаптарды сақтау мәселесі қаралды. Іс-шараға Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы мен «Eco Almaty» ЖШС өкілдері қатысты. Кәсіпкерлерге атмосфералық ауаны қорғау қағидалары мен қоршаған ортаға келетін кері әсерді азайту шаралары түсіндірілді.…
-
Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі
Мәслихат отырысында атмосфералық ауа сапасын бақылауға арналған 20 мобильді экологиялық станция сатып алу мәселесі қаралды. Қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бүгінде Алматыда 16 стационарлық бақылау бекеті жұмыс істейді. Алайда олар қаланың барлық ауданын толық қамтуға және ластану көздерін жедел анықтауға мүмкіндік бермейді. Осы мәселені шешу мақсатында 20 мобильді экологиялық станция сатып алу…
-
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі жаңартылады
Алматы қаласы мәслихатының сессиясында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму қызметтеріне арналған қолданыстағы тарифтерге өзгеріс енгізу туралы шешім жобасы қаралды. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаевтың айтуынша, тарифті түзету қажеттілігі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты туындаған. «Тарифтің өзгеруі қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға…











