-
Алматыда бизнес өкілдерімен кездесу және түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы мен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары кәсіпорындарға барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сапардың негізгі мақсаты — Алматыда енгізілген атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі жаңа ережелердің талаптарын түсіндіру, сондай-ақ кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлерінің сұрағына жауап беру.


