ECO Almaty

login

  • Қаз
  • Рус
  • Компания туралы
  • Эко-монитор
  • Көрсетілетін қызметтер
  • Іс-әрекеттер
  • Жаңалықтар
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
  • Басшы блогы
  • Байланыс деректері

Жаңалықтар

  • 2026
  • 2025
  • Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

    Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

    18.05.2026

    Алматыда Recycle Бірге қозғалысы ұйымдастырған «Recycle Birge» экологиялық акциясы аясында құрамында сынабы бар 480-нен астам шам мен құрылғылар жиналды. Олар қауіпсіз түрде әрі қарай қайта өңдеуге жіберілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады. Биоалуантүрліліктің халықаралық күніне орай ұйымдастырылған экологиялық акция №8 гимназия аумағында өтіп, экология мен қалдықтарды бөлек жинау мәселесіне бей-жай қарамайтын қала тұрғындарын…

  • Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

    Алматыда автобус парктеріне қойылатын экологиялық талаптар талқыланды

    15.05.2026

    Алматыда атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру мәселесі бойынша автобус парктерінің өкілдерімен ақпараттық-консультациялық кеңес өтті. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты. Жиында «Eco Almaty» ЖШС өкілдері қоғамдық көліктерден шығатын зиянды қалдықтарды азайтуға бағытталған жаңа талаптар мен бақылау тетіктерін, сондай-ақ төмен эмиссиялы аймақтарды (LEZ) кезең-кезеңімен енгізу жоспарын таныстырды. Ресми деректерге сәйкес, қалада…

  • Алматыда «Recycle Birge» экологиялық акциясы өтеді

    Алматыда «Recycle Birge» экологиялық акциясы өтеді

    15.05.2026

    2026 жылы 17 мамыр, жексенбі күні №8 гимназия аумағында Халықаралық биоалуантүрлілік күніне орай «Recycle Birge» экологиялық акциясы өтеді. Іс-шара аясында қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды, қайта пайдалануға болатын заттарды қабылдау, сондай-ақ кітаптар мен өсімдіктермен алмасу ұйымдастырылады. Барлық ниет білдірушіні осы экологиялық бастамаға қатысуға шақырамыз.Уақыты: 12:00-15:00 Орны: Әди Шәріпов көшесі, 105а, Қабанбай батыр көшесі жағынан кіреберіс, 125.…

  • Экологиялық зертхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар түсіндірілді

    Экологиялық зертхана қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар түсіндірілді

    14.05.2026

    8 мамырда комплаенс-офицер жылжымалы экологиялық зертхана қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндірме әңгіме жүргізді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары, сондай-ақ автокөліктен шығатын пайдаланылған газдарды азайту бойынша экологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізу кезіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.

  • 2026 жылы Алматыда 425 мың шаршы метрден астам гүлзар көркейтіледі

    2026 жылы Алматыда 425 мың шаршы метрден астам гүлзар көркейтіледі

    13.05.2026

    Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қаланы сәндік-гүлмен безендіру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып келеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері айтты. 2026 жылы қаладағы гүлмен безендіру аумағы 425 мың шаршы метрден асады. Былтырмен салыстырғанда біржылдық гүлдерді егу көлемі 2,7 млн-нан 4,3 млн-ға дейін, яғни шамамен 1,6 есеге артты. Ал раушан гүлдерінің саны 125 мыңнан 580 мыңға…

  • Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

    Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

    06.05.2026

    Алматыда автокөлік шығарындыларына жүргізілген мониторинг аясында №3 коммуналдық автобус паркі тексерілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері айтты. Кәсіпорын мамандарының мәліметінше, автопаркте 289 автобус тіркелген, оның 40-ы жөндеуде тұр. Тексеру барысында мамандар 249 көлікті тексерді. Соның нәтижесінде 50 автобуста пайдаланылған газдарды тазартуға арналған негізгі құрылғы – катализатордың жоқ екені белгілі болды. Мониторинг атмосфералық ауаны қорғау…

  • Алматыда «Таза Қазақстан» аясында сәндік көгалдандыру ауқымы кеңейіп келеді

    Алматыда «Таза Қазақстан» аясында сәндік көгалдандыру ауқымы кеңейіп келеді

    05.05.2026

    Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қалалық аумақтарды сәндік гүлдермен көріктендіру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы қалалық экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты. 2026 жылы сәндік гүлдермен көгалдандырылатын аумақтың жалпы көлемі 387 953 шаршы метр болды, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 77 пайызға артық. Оның 107 836 шаршы метрі (28%) біржылдық гүлзарларға, ал 280 117…

  • 2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа талаптар енгізіледі

    2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа талаптар енгізіледі

    30.04.2026

    Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа ережелері бойынша негізгі талаптар 2027 жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС бас директорының орынбасары Айдана Қасен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, құжат шығарындыларды азайтуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды. Атап айтқанда, автокөлікке, өнеркәсіп нысандарына және тұрмыстық ластану көздеріне қойылатын талаптар күшейтіледі. Автокөлік құралдарына қатысты…

  • Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктен келеді

    Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктен келеді

    30.04.2026

    Алматыда атмосфераға таралатын зиянды шығарындылардың басым бөлігі автокөліктерден келеді. Қаладағы жалпы ластанудың шамамен 60%-ы немесе жылына 113 мың тоннаға жуығы көлік үлесіне тиесілі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев мәлімдеді. Агломерация бойынша жалпы шығарынды көлемі 225 мың тонна шамасында, оның 189 мың тоннасы тікелей қала…

  • Алматыда төмен эмиссиялы аймақ (LEZ) пилоттық режимде іске қосылды

    Алматыда төмен эмиссиялы аймақ (LEZ) пилоттық режимде іске қосылды

    30.04.2026

    Алматыда 28 сәуірден бастап төмен эмиссиялы аймақтың (LEZ) техникалық пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері хабарлады. Пилоттық режим Бөгенбай батыр көшесінен оңтүстікке қарай, Абай даңғылынан солтүстікке қарай, Желтоқсан көшесінен шығысқа және Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан аумақта жүзеге асырылуда. Жобаның операторы — «Алматы Паркинг» МКК. Қазіргі кезеңде жүйе…

Previous Page
1 … 3 4 5 6 7 … 10
Next Page
ECO Almaty

© 2025 «Eco Almaty» ЖШС

Құпиялылық саясаты

Азаматтарды қабылдау кестесі

+7 727 578 88 99

info@eco-almaty.kz

  • Instagram
  • Facebook