-
Алматыда пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеуге бағытталған экологиялық акция өтті
Алматыдағы Central Avenue тұрғын үй кешенінің ауласында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға және пластикті қайта өңдеуді насихаттауға бағытталған экологиялық акция өтті. Іс-шараны BI Group пен ECO Network компаниялары «Eco Almaty» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды. Сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін тұрғындар пластик қақпақтар мен бөлек жиналған басқа да қайталама шикізатты тапсырып, сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдеу процесін өз…
-
Алматыда қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша көшпелі экоакция өтеді
Бүгін, 23 қыркүйекте Алматыдағы Central Avenue тұрғын үй кешенінің ауласында BI Group пен ECO Network ұйымдастырған көшпелі экологиялық акция өтеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады. Сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін тұрғындар пластик қақпақтарды және бөлек жиналған басқа да қайталама шикізатты тапсыра алады. Сондай-ақ, пластикті қайта өңдеу үдерісін өз көзімен көруге мүмкіндік болады. Акция алаңында…
-
Алматыда қоқыс шығару жұмыстары нақты уақыт режимінде бақыланады
Алматыда қоқыс шығаратын ұйымдардың жұмысы онлайн режимде бақыланады. «Eco Almaty» ЖШС базасында диспетчерлік орталық жұмыс істейді. Ол қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын 20 ұйымның жұмысын қадағалайды. Диспетчерлер нақты уақыт режимінде қоқыс шығару кестесінің сақталуын, контейнерлік алаңдардың санитарлық жағдайын бақылап, бүлінген контейнерлер мен қоқыс жиналған орындарды тіркейді. Бақылау GPS деректері арқылы жүргізіледі. Қоқыс шығарылғанға дейін және…
-
Алматыда 3 мыңнан астам автобустың экологиялық көрсеткіші тексерілді
2026 жылдың басынан бері Алматыдағы автобус парктерінде шығарынды газдарға 3 мыңнан астам өлшеу жүргізілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады. Айта кетейік, мониторинг Алматыдағы атмосфералық ауаны қорғау қағидалары аясында жүргізіледі. Қағида автокөліктен және басқа да ластау көздерінен шығатын зиянды заттар көлемін азайтуға бағытталған шараларды қарастырады.
-
Қала күніне орай Панфилов көшесінде мерекелік экоаймақ жұмыс істеп жатыр
Бүгін Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында Панфилов көшесінде ECO Network экоаймағы жұмыс істеп жатыр. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары пластик қалдықтардың қайта өңделіп, жаңа бұйымдарға айналу жолымен танысып, қалдықтарды сұрыптап көре алады және экологияға арналған интерактивті шараларға қатыса алады. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады. Алаңда қалдықтарды бөлек жинау және оларды кейін қайта пайдалану…
-
Пластикті кәдеге жарату: Қала күнінде экоаймақ қонақтарын не күтеді
19 қыркүйекте Алматыда Қала күнін атап өту аясында ECO Network экоаймағы ашылады. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу туралы көбірек мәлімет алып, пластик қалдықтардың жаңа бұйымдарға қалай айналатынын көре алады. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты. Экоаймақ сағат 09:00-де Панфилов көшесінде, Гоголь және Төле би көшелерінің аралығында жұмыс істейді. Алаңда…
-
Алматыдағы жаңа эко-хаб жастарды «Таза Қазақстан» қағидаттары төңірегіне біріктіреді
Алматының Жетісу ауданында «Жетісу-2» жастар комьюнити орталығының базасында жаңа эко-хаб ашылды. Бұл қаладағы осындай үшінші экологиялық кеңістік. Эко-хаб «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Eco Almaty» ЖШС-нің қолдауымен құрылды. Мұнда қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу мәдениетін дамыту, ағартушылық іс-шаралар өткізу және жастардың экологиялық бастамасын қолдау жоспарланған. «Таза Қазақстан» – бір реттік акция немесе тек сенбілік өткізумен…
-
Медеу ауданында бизнес нысандарының шығарындыларын азайту жұмыстары күшейтілді
Алматының Медеу ауданында қызметі атмосфералық ауаның сапасына әсер етуі мүмкін нысандарға мониторинг жүргізіліп келеді. Бақылау монша мен сауналарды, қоғамдық тамақтану орындарын, өндірістік базалар мен техникалық қызмет көрсету станцияларын қамтиды. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады. Негізгі мақсат – нысандарда қандай отын түрлері мен жабдықтар қолданылатынын анықтау, олардың ауаға ықтимал әсерін бағалау және кәсіпкерлерге экологиялық…
-
Алматыда балалар жинаған 50 мың қақпақтан «Таза Қазақстан» стеласы орнатылды
Алматыда қайта өңделген 50 мың пластик қақпақтан жасалған бірегей «Таза Қазақстан» стеласы ашылды. Қақпақтарды қала мектептерінің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері «Мейірімді қақпақша» жобасы аясында жинаған. Стеланы ECO Network командасы Марков көшесі, 44 мекенжайындағы және Satbayev University базасындағы Эко-хабтарда жасады. Екі ай бойы жүздеген ерікті жиналған қақпақтарды сұрыптап, іріктеді. Кейін пластик қайта өңделіп, стела жасауға пайдаланылды.…
-
Recycle Бірге акциясы алматылықтарды біріктірді
6 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік циркі алаңында «Eco Almaty» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен қалалық Recycle Бірге экологиялық акциясы өтті. Іс-шара қала тұрғындарын, бизнес өкілдері мен әлеуметтік бастамаларды экологиялық өмір салты мен саналы тұтыну идеясы төңірегінде біріктірді. Қала тұрғындары қайта өңдеуге жарамды шикізатты тапсырып, қажетсіз заттарын қайта пайдалануға берді, Дармаркаға қатысып, кітаптар мен өсімдіктер алмасты. Сондай-ақ алаңда шебердің…











