Коммунальное государственное учреждение "Управление экологии и окружающей среды города Алматы" +7 (727) 262-16-13

Eco Almaty +7 (727) 242-39-69 / 242-42-10

Алматыда жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары әзірленді

Алматы қ. әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадіровтің төрағалығымен Экология және қоршаған орта басқармасы мамандары, Мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ танымал ғалымдар, көгалдандырушылар мен экобелсенділердің қатысуымен Алматы қаласы аумағында өсіп тұрған жасыл екпелерді күтіп-баптау және қорғау қағидаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Қағидалар жобасында суару, суару жүйесін ұйымдастыру, зиянкестерден биологиялық өңдеу, отырғызуға арналған материалдардың сапасын арттыру, ағаштар мен нысандардың минималды арақашықтығы, ағаштарды санитарлық және формалық кесу, аумақтарда құрылыс немесе қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін міндетті түрде қоғамдық талқылау өткізу қажеттілігі туралы нормалар алғаш рет енгізіліп отыр.
Жаңа қағидаларға сәйкес өтемдік отырғызу кезінде кесегімен биіктігі кемінде 2,5 метр жапырақты ағаш көшеттерін немесе кесегімен биіктігі кемінде 2 метр қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу және 3 жыл бойы күтім жасау талаптары қарастырылған.
Сонымен қатар, Қағида аясында жасыл екпелер орналасқан аумақта жұмыс бастайтын құрылыс компанияларына деген талап айтарлықтай күшейтілген. Жұмыстарды жүргізу кезінде құрылыс ұйымдары жасыл екпелердің сақталуын қамтамасыз ететін іс-шараларды орындауға міндетті. Оның ішінде құрылыс алаңдарының қоршауы ағаштар мен бұталар олардың шегінен тыс қалатындай етіп орнатылуы тиіс, қоршауларды, шырақтарды және өзге де заттарды бекіту үшін бағаналар ретінде ағаштарды пайдалануға және зақым келтіруге жол берілмейді. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары кезінде ағаштардың тамырларын жалаңаштауға және дің маңындағы шеңберлерді топырақпен, құрылыс материалдарымен және қоқыспен көмуге жол берілмейді.
Жақын арада Қағидалар жобасы Алматы қ. Мәслихатының кезекті отырысында қарастырылатын болады.

В Алматы разработаны Правила содержания и защиты зеленых насаждений

В мегаполисе состоялся круглый стол под председательством заместителя акима г.Алматы Алишера Абдыкадырова, с участием представителей Управления экологии и окружающей среды г.Алматы, депутатов Маслихата и Общественного совета г.Алматы, а также известных ученых, озеленителей и эко-активистов, где был обсужден проект Правил содержания и защиты зеленых насаждений, произрастающих на территории города Алматы.
Проектом Правил впервые вводятся основные нормы и требования по поливу, в том числе организации поливочной системы, биологической обработке от вредителей и заболеваний зеленых насаждений, выбору более качественных посадочных материалов, соблюдению минимального расстояния от объектов до деревьев, проведению санитарной и формовочной обрезки деревьев, обязательному проведению общественных слушаний при принятии решений о застройке или реконструкции территорий, занятых зелеными насаждениями.
Согласно новых Правил, при компенсационных посадках предусматривается высадка деревьев лиственных пород высотой не менее 2,5 м с комом или хвойных пород высотой не менее 2 м с комом с дальнейшим уходом в течение трех лет.
Кроме того, Правилами значительно усилены требования к строительным компаниям, проводящим работы на территории с зелеными насаждениями. При проведении работ строительные организации обязаны выполнять требования, обеспечивающие сохранность зеленых насаждений: необходимо устанавливать ограждение стройплощадок с учетом того, чтобы деревья и кустарники оставались за их пределами, также не допускается использование сохраняемых деревьев в качестве столбов, нанесение каких-либо повреждений данным деревьям, обнажение корней и засыпание приствольных кругов землей, строительными материалами и мусором.
В ближайшее время проект Правил будет рассмотрен на очередной сессии маслихата г.Алматы.