Свыше 25 тысяч алматинских водителей оштрафовали с начала года за нарушения норм токсичности автотранспорта.
За 7 месяцев в мегаполисе были осмотрены свыше 136 тысяч авто. Отмечается, что за несоблюдение предписанных правил эксплуатации транспорта предусмотрен штраф от 2 до 10 МРП.
«По данным департамента полиции у нас в городе насчитывается более 547 тысяч автомашин. Из них заезжающие больше 230 тысяч. И по показателям более 70 тысяч тонн выбросов в атмосферный воздух».
Всего в Алматы круглосуточно работают 19 экопостов. Все они оснащены специальным оборудованием – газоанализаторами и дымомерами. Для улучшения экологической ситуации, в городе ужесточена проверка грузового транспорта и строительной техники.
Алматыдағы көліктердің 20 пайызы экологиялық талапқа сай емес – экологтар дабыл қақты
Алматыға күніне 230 мыңға жуық көлік кіреді. Бұл ретте олардың экологиялық ахуалға әсер ететінін ескерген жөн. Ал автотранспорттардан шығатын зиянды заттарды өлшеу үшін қалада экологиялық бекеттер жұмыс істеп тұр.
Бүгінгі таңда Алматы аумағында 19 экобекет бар. Көпкомпонентті газанализаторлары арқылы көмірсутек, көміртек тотығы мен азот оксидтерінің және көмірқышқыл газының бөлінуін тексеретін мамандар күніне орта есеппен 500-ге тарта көлікті тоқтатады. Ауа сапасын бақылау үшін мұндай 19 нысаннан бөлек, 3 жылжымалы экологиялық бекет те жұмыс істейді.
Мұндай жылжымалы экобекеттер былтыр іске қосылған. Мұнда газ талдағыш пен түтін өлшейтін арнайы құралдар бар. Яғни, мамандар қалаға кірген көліктерді осы құрылғымен әрі арнайы тапсырма бойынша ғана тексере алады.
Экобекеттерде көліктерден шығатын зиянды затты өлшеу үшін арнайы оқытылған 60-тан аса маман жұмыс істейді. Ал сол алпыстың ішінде бір ғана әйел адам бар.
Экологиялық талапқа сай келмейтіндердің көбі ескі, катализаторы жоқ немесе техникалық ақауы бар коммуналдық көліктер. Дегенмен, назарға ілігетіндердің нақты бір критерийі жоқ дейді мамандар. Яғни, жылы жаңа болса да, нормасы қалыптан шыққан автомобильдер де аз емес екен.
«Жыл басынан бүгінге дейін 136 мың автокөлік тексерілген. Соның ішінде 26 мың көлік шамадан тыс нормадан көрсеткіш көрсеткен.