Алматы қаласының кейбір аумақтарын су басу мәселесін шешу үшін Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы қалыптасқан су басқан учаскілерде мониторинг жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 102 жер телімі анықталып, оның ішінде 56-сы су басу қаупі жоғары деп танылып, жұмыс істемейтін 12 коллекторды тазарту және қалпына келтіру, сонымен қатар 4 дренаждық канал салу қажеттілігі айқындалды.
Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті және 8 аудан әкімдері аппараттарымен бірлесіп су тасқынының себептерін жою мәселесі пысықталды.
Яссауи және Момышұлы көшелерінен түсетін еріген суларды бұру үшін Райымбек даңғылы бойымен Момышұлы және Яссауи көшелерінің қиылысында диаметрі 1000 мм екі су бұрғыш құбырлы өткелдерді төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, Райымбек даңғылының бөлу жолағында қабылдау камералары орнатылатын болады және тексеру құдықтарын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған су бұрғыш құбырлы өткелді Райымбек даңғылының солтүстік бөлігінде орналасқан жұмыс істеп тұрған су бұру коллекторына қосу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Назарбаев даңғылы бойымен ағып жатқан жаңбыр мен еріген қар суын ағызу үшін Райымбек даңғылы мен Назарбаев даңғылының қиылысында (шығыс жағы) диаметрі 720 мм құбырлы өткелді ұйымдастыру және қолданыстағы су бұру коллекторына жалғау жұмыстары атқарылуда.
Алматы-2 теміржол вокзалы аумағында орналасқан су бұрғыш коллектор жүйесін тазалау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Чуланов көшесінде құрама Г-блоктарды қолдана отырып, су бұру каналын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Назарбаев даңғылы-Әйтеке би көшесінің қиылысы және Әйтеке би-Панфилов көшелерінің қиылысындағы аумақтарда жаңбыр кезінде су бұру үшін ысырма құрылғысымен коллекторға қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.