Коммунальное государственное учреждение "Управление экологии и окружающей среды города Алматы" +7 (727) 262-16-13

Eco Almaty +7 (727) 242-39-69 / 242-42-10

Алматы қаласының коммуналдық субұрқақтары

Алматы қаласы бойынша 128 субұрқақ бар. Оның ішінде 63 субұрқақ коммуналдық меншікте.
«Eco Almaty» ЖШС-і 63 коммуналдық субұрқаққа қызмет көрсетеді.
Әуезов атындағы «Қаздрамтеатры», «ҚР-ның Мемлекеттік музейі» жанындағы, сондай-ақ ҚБТУ-дың солтүстігіндегі субұрқақтарына қайта қалпына келтірілу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
10 субұрқақты қайта жаңарту аяқталды:
— «Неделька»,
— Абай атындағы «ГАТОБ» алаңындағы каскадтар,
— «Четыре чаши»,
— «ҚР Тұңғыш Президенті» саябағының басты субұрқағы»,
— Ә. Қастеев атындағы «Мемлекеттік мұражайдағы» субұрқақ,
— «Республика сарайының» солтүстігіндегі субұрқақ,
— Құрманғазы-Қалдаяқов көшелерінің қиылысындағы субұрқақ,
— «Республика Сарайы» алдындағы субұрқақ,
— Лермонтов атындағы театрдағы субұрқақ,
— «Ұлттық кітапхана» ғимараттың жанында субұрқақ.
Қазіргі уақытта субұрқақтарға жоспарлы-қысқа мерзімді жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар санитарлық тазалау және жинау жұмыстары уақтылы атқарылуда.
2009-2019 жылдардағы күрделі жөндеуден кейін субұрқақтардың көпшілігінің жобасына өзгертулер енгізіліп, оларға электр жабдықтары, су астындағы жарықтандыру жабдықтары, суасты сорғылары қосылды.
Әрбір коммуналдық субұрқақта «шомылуға тыйым салынады» деген тақтайшалар орнатылған.
Алматы қаласының коммуналдық субұрқақтарын дезинфекциялау аясында, су сыйымдылығы мен субұрқақ алаңына сәйкес, суды зарарсыздандыру, сондай-ақ бактериялар мен балдырлардың пайда болуын болдырмау үшін натрий гидрохлориді, мыс сульфаты ерітінділері қосылады.